АУА РАЙЫ: Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағыны бөлімдерінің көшуіне байланысты күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын шашынды болса, бірқатар өңірде қарлы боран соғып, тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромед» РМК.

АУА РАЙЫ: Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, қарлы боран соғады. Көктайғақ, тұман түседі. Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде тұман түседі.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумағында жаяу желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында да желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейіп,бұрқасындатады.