Ауа райы: Жұма күні елімізде күн райы ашық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде антициклон орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді», делінген болжамда.

Түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Карағанды облысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Соңғы жаңалықтар
telegram