Ауа райына байланысты 2 өңірде автожолдар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты 2 өңірде автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында көліктің барлық түрлері үшін:

- «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырым аралығы жабық. Бұл - Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, АБК «Автодор НС»).

Солтүстік Қазақстан облысында көліктің барлық түрлері үшін:

- «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-33 шақырымында, атап айтқанда Волошинка және Кривощеково ауылдарының аралығындағы учаске.

- «Булаево-Возвышенка-Кирово-Рощинское»автожолының 111-194 шақырымында, атап айтқанда, Малогвардейское және Қиялы ауылдарының аралығындағы учаске жабық тұр.


Соңғы жаңалықтар
telegram