Ауа райына байланысты бес өңірде республикалық жолдар жабық тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін сағат 9.15-тегі жағдай бойынша 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым немесе республикалық желінің - 4,1%-ы.

«Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық», - деп жазды ҚазАвтоЖол.

Ведомство өткен түнде 1 100 текше метр көктайғаққа қарсы материал себілгенін де атап өткен. Сондай-ақ бүгін республикалық маңыздағы тасжолдарда күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 500 бірлік арнайы техника мен 800 маман жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар