Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз найзағай жарқылдайды.
Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай күтіледіОблыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай жарқылдайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Костанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Төтенше өрт қаупі бар. Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 08 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмолаоблысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар, ал облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.