Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерге қатынайтын № 315 және 316 автобус бағдарлары уақытша тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады

City Transportation Systems компаниясынан мәлім еткендей, аталған екі жолаушы автобусының қозғалысы бүгін сағат 11:40-тан бастап тоқтатылды.

«Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда», - деді компаниядан.

Айта кетейік, бұрқасын мен қатты желге байланысты бүгін Нұр-Сұлтан – Теміртау трассасы жабылды. Сондай-ақ Ақмола облысының өңіріндегі боранға байланысты кеше блокпостарда 400-ге жуық көлік кептелісі қалыптасты. 200-ге жуық адам құтқарылды.