Ауа райына байланысты ҚТЖ қосымша 25 вагон бөлді
«Аса маңызды бағдарларға жолаушыларды жеткізу үшін 25 қосымша вагондар тартылды. Бір тәуліктің ішінде 4500-ге жуық жолаушы тасымалданды. Жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін барынша шұғыл шаралар жасалуда, - делінген ұлттық компанияның хабарламасында. - Ауа райына байланысты теміржол вокзалдарында қосымша орындықтар, жолаушыларға арналған демалыс бөлмелері, ана мен бала бөлмелері іске қосылмақ».
10-11 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетті.
«Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе қалаларындағы теміржол бөлімшелерінде 35 қар тазалау техникасы мен 1500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметіндегілер.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі күшейтілген кесте тәртібімен жұмыс жасап жатыр.