Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолы жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолының учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолы жабылды

«Құрметті жүргізушілер, қалың қар мен автожолдағы көрініс мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сағат 17:30-дан бастап 18-231 шақырым аралығында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолдағы жүргізушілерден мұқият болуларын және қар тазалайтын техниканы басып озғанда қауіпсіздікті сақтауларын сұраймыз»,-делінген хабарламада.