Ауа райына байланысты ШҚО трассаларында көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа райына байланысты ШҚО трассаларында көлік қозғалысы шектелді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 17.40-тан бастап «Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» тасжолы мен Белоусовка ауылы және Риддер қаласы аралығындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Көлік қозғалысы шектелуінің себебі ауа райының нашарлауына байланысты болып отыр. Аталған жол бөлігінде көктайғақ пен қатты желдің салдарынан автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қауіп төнеді», - делінген ақпаратта.