Ауа райына байланысты тағы бір өңірде жолдар жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚазАвтоЖол ауа райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде трасса жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райына байланысты тағы бір өңірде жолдар жабылды

«Қарағанды өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының екі бөлігінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Барлық көлік түрі үшін Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралық жабық (автожолдың 1492-1610 км аралығы).
Сондай-ақ қоғамдық және жүк көліктері үшін аталмыш күре жолдың Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығы жабық (автожолдың 610-1854 км аралығы).

Еске салайық, бұған дейін боранға байланысты барлық көлікке Астана - Щучинск автожолымен қозғалысқа тыйым салынған болатын. Сондай-ақ елорда маңына қатынайтын автобус рейстен алынды. Синоптиктер елдің басым өңірінде 21 ақпан күні бұрқасын, тұман, көктайғақ болатынын ескертті.