Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы автокөліктердің қозғалысы жабылды - ҚР ТЖМ
АНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» бағытындағы жолда автокөлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды сейсенбі күні Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«6 желтоқсан күнгі сағат 18.00-ден бастап ауа райы жағдайының бұзылуына байланысьы «Үшарал-Достық» жолында көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды», - деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір күн бұрын, яғни 5 желтоқсанда осы жолдың 89-94 шақырымы арасында 6 техника қарға кептеліп тұрып қалған, соның ішінде 2 жеңіл автокөлік болса, 4 жүк көлігі бар, ал далада қалған адамдар саны 13. Ауа-райының бұзылуы адамдарды әбігерге түсірген. Алайда ҚР ТЖМ құтқарушылары адамдарды құтқарып, үйлеріне қайтарды.
«Іздестіру-құтқару шараларының барысында Үшарал қаласына бара жатқан 13 адам табылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оларды құтқаруға ҚР ТЖМ Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамындағы 6 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
ҚР ТЖМ хабарлап отырғандай, ауа райының нашарлауына байланысты «Күршім-Қалжыр» бағытындағы «Егіндібұлақ-Ашалы» жолының 40-98 шақырымындағы жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.