Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар автожолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, көрінімнің нашарлауы) еліміздің бірқатар ірі күрежолдарында барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы жабылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар автожолдар жабылды

21 ақпандағы сағат 22.36-дан бастап «Астана-Қарағанды» автожолы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Сондай-ақ Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» арасындағы (0-68 шақырым); Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (0-258 шақырым), «Ақтөбе-Атырау» (178-330 шақырм), «Ақтөбе-Орск» (75-135), «Самара-Шымкент» (723-965 шақырым), «Ақтөбе-Астрахань» (95-176 шақырым), «Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай облысының шекарасы» (0-231 шақырым), «Ақтөбе-Мәртөк» (7-99 шақырым); Қостанай облысында «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» (82-174 шақырым) арасындағы; Павлодар облысында Шідерті кентінен Қарағанды облысына қарай жолдар бұрқасын көтеріліп, көрінім нашарлауы салдарынан автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.