Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Пайдалану басқармасының басшысы Ғабит Шымырбаев осы сәтте жабық тұрған автожолдарға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр

Атап айтқанда, ауа райының бұзылуына байланысты келесідей республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақмола облысында:

1.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымында, атап айтқанда, Жақсы мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаске.

2.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаске.

3. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары аралығындағы учаске.

4. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымында, атап айтқанда, Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралығындағы учаске.

5. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1247 шақырымында, атап айтқанда, Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске.

6. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 0-184 шақырымында, атап айтқанда, Көкшетау және Атбасар қалаларының аралығындағы учаске.

Қарағанды облысында:

1.«Жезқазған-Петропавл» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Қостанай облысында:

1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығындағы учаске.

2. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекаралары аралығындағы учаске.

3. «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шек.» автожолының 50-161 шақырымында, атап айтқанда, Жетіқара ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.

4. «Денисовка-Аршалы-Комаровка» автожолының 0-96 шақырымында, атап айтқанда, Денисовка мен Комаровка ауылдары аралығындағы учаске.

5. «Жетіқара-Чайковский» автожолының 0-27 шақырымында, атап айтқанда, Жетіқара мен Чайковский ауылдары аралығындағы учаске.

6. «Мариновка ауылынының айналма жолы» автожолының 0-9 шақырымында.

Маңғыстау облысында:

1.«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-332 шақырымында, атап айтқанда, Атырау облысының шекарасы мен Бейнеу ауылы аралығындағы учаске.