Ауа райының бұзылуынан «Астана-Көкшетау» автожолы жабылды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласында ауа райы жағдайының бұзылуына
(көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің нашарлауы) байланысты 23 желтоқсан күнгі сағат 10.28-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін «Астана-Көкшетау» автожолы жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығынан хабарлады.
Сондай-ақ еске салайық, Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) байланысты 21 желтоқсан күні сағат 09.40-тан бастап көліктің барлық түрлері үшін жабылған «Үшарал-Достық» автожолымен қозғалыс әлі жанданбады.