Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ШҚО құтқару қызметтері жұмыстың күшейтілген режиміне ауыстырылды (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Төртінші күн бойы облыстың барлық дерлік аудандарында қалың жауған қармен күрес жалғасып жатыр.
None
None

ТЖ департаментінде жедел штаб ашылды. Қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Ауа райы әлі де қолайсыз болып тұр. Облыста бұрқасындар мен күртік қардың салдарынан желтоқсан айына тән емес жылы күн райы, көктайғақ сақталуда, аймақтың таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі сақталып отыр.

Синоптиктер алдағы күндері желдің қатты екпінін болжап отыр, кейбір аудандарда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді.

ШҚО ТЖД дағдарыс орталығының жедел штабынан хабарлағандай, осы 4 күнде «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің» күшімен қар құрсауында қалып қойған 334 адам мен 193 техника бірлігі құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар