Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2000-нан аса әуе рейсі тоқтатылды
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Чикагоның О'Хара әуежайында 650-ден астам әуе рейсі тоқтатылды.
АҚШ-тың солтүстік-шығысында қар көп түсіп, екі мыңнан астам әуе рейсін уақытша кейінге шегеруге тура келген.
Арнайы қызметтердің болжамы бойынша, бұл аса күшті қар бұрқасынының басы ғана, бейсенбіден жұмаға қараған түні қарлы боранның күшейе түсетіндігі айтылуда.