Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Ақтау бағытындағы ұшу сапарлары тоқтап тұр

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Қаңтардың 11-нен бастап Алматы-Ақтау бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының KC 857, 858, 859, 860 рейстері мен Алматы-Ақтау-Атырау бағытындағы 182 рейсі ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшуды тоқтатқан болатын.
None
None
Осы бағытта ұшақтар ауа-райы түзелсе ертеңгі күннен бастап ұшуды жалғастырады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Қаңтардың 14-і күні компания жолаушыларды тасымалдауды толық жүзеге асыру үшін Алматы-Ақтау-Атырау бағытында Боинг 757 ұшағымен 4 рейс жасамақ. Егер бұл рейстер жеткіліксіз болса қосымша рейстер ұйымдастырылады. Әуе компаниясындағылар ұшу сапарларының тоқтатылуына басты себеп: «Атырау, Ақтау әуежайларында ұшу-қону алаңдарындағы мұздарды еріту үшін пайдаланылатын «Арктика» сұйықтығының халықаралық талаптарға сай келмеуінде», дейді. Халықаралық әуе заңдылықтарына сәйкес әуежайлардағы ұшу-қону алаңдары қыс кезінде арнайы сұйықтықтармен ерітіліп, ұшу қауіпсіздігі сақталуы тиіс. Ұшу сапарларының тоқтатылуы кезінде Алматы әуежайында қалған жолаушылар тамақпен, 60 адам жатын орынмен қамтамасыз етілген. Ал Ақтау әуежайында бұндай көмек 3 жолаушыға көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар