Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабық, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.  

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабық

Шығыс Қазақстан облысында 10 қаңтар күні  сағат 17.00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Воскресеновка -Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (40-48 км а.Шелехова- а.Зенковка) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Сағат 20.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бақыршық» (0-42 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Алматы облысында 10 қаңтар күні сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды.

Ал  сағат 20.30-дан бастап «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолдың 40-ші мен 80-ші шақырымында барлық автокөліктерге жабық.