Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың төрт аймағында жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың төрт аймағында жол жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.
None
None

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» а/ж (707-900 ш., Аягоз қ. ­- Ақсуат а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облыснда сағат 18-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бораннаң жол жүру қиындауынаң) жол аудандарында жабық: а/ж "Денисовка-Житикара-Мықтыкөл" (82-174ш), барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ сағат 18-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран) «Қарабұтақ-Денисовка» а/ж (231-385 шм. Ақтөбе обл. шекарасы - Денисовка п.), барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қызылорда облысында сағат 18-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран ) "Самара-Шымкент" а/ж (1240-1356 шм Арал қ.- Ақтөбе облысы) аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар