Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығынан 2 наурыз сағат 09.15-тен бері барлық автокөлік түрлері үшін «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының бойында 92-258 шақырым аралығында жол қозғалысы жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан барлық автокөлік түрлері үшін 2 наурыз 19.00-ден бері «Қызылорда-Павлодар» жолының 12-216 шақырымы аралығында қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ Қарағанды облысында да «Қызылорда-Павлодар» жолының бойында 216-424 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.