Ауа райының қолайсыздығынан бірқатар автожолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының құбылуына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Астана қаласында «Астана-Көкшетау», Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл», «Ектеринбург-Алматы», «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған», «Жақсы-Есіл-Бузулук» бағыттары бойынша, Астана-Щучье тас жолының бойында барлық автокөліктері үшін қозғалыс тоқтатылды. Ақтөбе облысында ауа райының құбылуына байланысты 18 наурыз 13.30-дан бастап «Ақтөбе-Орск» автожолының бойында жүк көліктері үшін, 18.00-ден «Самара-Шымкент» жолының бойында, 18.15-тен бастап «Қарабұтақ-Комсомол» автокөліктер қозғалысына 22.00-ден «Қандыағаш - Емі - Ырғыз» жолдырнда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектетілді. Қарағанды облысында ауа райының құбылуынан «Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына» дейінгі жолдар барлық автокөліктерге жабылды. Қостанай облысында ауа райының өзгеруіне байланысты 18 наурыз 18.30-дан бастап «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасына дейін», «Денисовка кенті - Қамысты - Ақтөбе облысының шекарасына дейін»; «Жезқазған - Петропавл», «Арқалық-Торғай», «Әулиекөл-Жолдама», «Қостанай - Әулиекөл-Сұрған» бағыттары бойынша барлық автокөліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар