Ауа райының қолайсыздығынан Ресей мен Батыс Қазақстанды жалғастыратын трасса жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығынан Ресей мен Батыс Қазақстанды жалғастыратын трасса жабылды

«22 наурызда сағат 16.30-дан бастап  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көктайғақ) республикалық маңыздағы жолдың «Орал-Каменка-РФ шекарасы» (74-104 км) учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды»,- делінген хабарламада.