Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған 800-дей көлік иесіне көмек көрсетілді - ТЖМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығын жол бойында қалған 800-дей көлік иесіне көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған 800-дей көлік иесіне көмек көрсетілді  - ТЖМ

«Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық жол қозғалысына тыйым салынды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмола және Қарағанды облысына шығатын жолдар бар. Нұр-Сұлтан қаласынан Щучьеге бағыт алған шамамен 270-тей көлік жол бойында қалса, керісінше Щучьеден елордаға келе жатқан 400-дей көлік жолды тұрып қалған. Осы орайда құзырлы органдар жедел шара қабылдап, жолда қалған 800-дей көлік пен оның иелеріне көмек көрсеті. Одан бөлек, ауа райының жайсыздығынан Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолында 2 көлік апаты болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ», - деді Т. Уәли елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жолдардың ашық немесе жабық екені туралы ақпарат сағат сайын жаңарып тұрады.

«Дәл қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолы жабық. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, жол бойында қалған адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Және де қазіргі сәтте 60-тан астам адам және 300 техника жолды тазалап жатыр. Жалпы ел бойынша кеше 14 жол учаскесі жабылғанын айтты. Ол Қарағанды, СҚО, Ақмола және Алматы облысы аумағына қарасты жолдар, - дейді ол.