Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік жолдары жабылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік жолдары жабылды - ҚР ТЖМ

Алматы облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (қар) 27 желтоқсанда сағат 14.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін «Талдықорған - Қапал» автожолы жабылды, ал үлкен жүк көліктері үшін «Сарқанд-Үшарал» жолы жабылды.

Сонымен қатар, сағат 16.00-ден бастап «Үшарал-Достық» және «Үшарал-Өскемен» жолдары да барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында боран, көріну қашықтығының нашарлығына байланысты 2010 жылғы 27 желтоқсанда сағат 21.00-де «Өскемен-Зырян-Рахманов бұлағы» тас жолының 0-166 шақырым учаскесінде, «Омбы-Майқапшағай» тас жолының «Қалбатау-Көкпекті» (954-1002 километр) учаскесінде, сонымен қатар «Өскемен-Тарғын-Самарское» тас жолының 17-145 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.