Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт аймағында жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты республиканың төрт аймағында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт аймағында  жол жабық

Астана қаласы бойынша 23 желтоқсан күні сағат 03.30-дан басап ауа райына нашарлауына байланысты (қатты жел, боран) «Астана-Павлодар» а/ж бағытын барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында сағат 02.20-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінбеу) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж (16-205 км) бағытын барлық түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысы бойынша сағат 02.30-дан бері ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж учаскесінде (205-259 ш Шідерті ш. Ақмола облысы шекарасына дейін) барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында сағат 03.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бораннаң, көрінбеу) (Қостанай-Әулекөл-Сурган ( а/ж 108-232 ш Әулекөлден-Ақмола облысының шекарасына дейің) және «Жезказған-Петропавловск» а/ж (340-377 ш Арқалық қ.-Ақмола облысы шекарасына дейің) жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.