Ауа райының нашарлауына байланысты республика автожолдарының бірқатары жабылды
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты республика автожолдарының бірқатарында қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«3 қаңтар күні сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жол көрінуінің төмендігі) Қарағанды-Павлодар, Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Қарқаралы автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Ал қалған бағыттар бойынша сағат 20:00-ден бастап қоғамдық және дизельді көліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген ведомство ақпаратында.
Сонда-ақ 3 қаңтар күні Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында да жолдар жабылған болатын. Дегенмен ҚР ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін таңғы сағат 7-ден бастап аталған жолдар көлік қозғалысы үшін қайта ашылды.