Ауаға сіңіп, көзден ғайып болған адам - ВИДЕО
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жақында YouTube желісіне таңғаларлық кадрлар жарияланды. Вайоминг штатының Джексон қаласында сыртқы бақылау камералары жаяу кетіп бара жатқан адамның аяқ астынан ғайып болғанын түсіріп алған, деп жазады Вести.ру.
Таңғажайып видео түнде түсірілген. Төменде көрсетілген кадрларда кетіп бара жатқан ер адамның кенеттен жоқ болып кететіндігі анық байқалады. Ал ол қалайша жоқ болып кеткендігі әзірге анықталмай отыр.