Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Жеңіс күні қарсаңында Алматының Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әмен Хайдаров, Николай Лях, Михаил Лохмановтардың үйлерінде болып, құттықтады.
None
None

«Сіздер көптеген қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, өмір белестерін абыроймен бағындырдыңыздар. Отан басына қиын күн туғанда қолға қару алып, қорғадыңыздар. Ұзақ та, қиын әскери жолды басып өтіп, соғыс өртінен күлге айналған Отанымызды қалпына келтіруге атсалыстыңыздар. Сіздердің ауыр өмір жолдарыңыз ерекше құрметке ие. Біз сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында қазір тыныштық пен тату өмір сүрудеміз. Біз өткенімізбен және сіздермен мақтанамыз. Сіздердің отбасыларыңызға татулық пен байлық . өздеріңізге денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді аудан әкімі ардагерлерді құттықтап тұрып.

Әмен Хайдаров - белгілі режисер-аниматор, суретші, сценарист. ҚазКСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақ мультипликация өнерінің негізін салушы. 1942 жылдан бастап Харьков түбіндегі 57 миномет полкінде соғысқа араласқан. Сталинград майданының қатысушысы. ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің, «Сталинградты қорғағаны үшін» медальінің иегері.

Н.Лях - гвардия полковнигі. 1942 жылы Мәскеу түбінде НКВД-ға қарасты полкте взвод командирі ретінде соғысқа араласқан. Клин, Калинин қалаларын азат етуге атсалысқан. Михаил Лохманов - Украина майданының ардагері. Қос бірдей «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерінің, «Әскери ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Берлинді азат еткені үшін» медальдарының иегері.

Ардагерлер аудан әкіміне құттықтау үшін үлкен алғыс білдіріп, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыстар мен ашық аспан тіледі. «Бейбітшілік - ең басты нәрсе», - дейді ҰОС ардагерлері.

Соңғы жаңалықтар