Аудан әкімі мен ЖОО ректорлары арасында меморандумға қол қойылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қатысуымен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Дағдарысқа қарсы іс-шаралар: Әуезов ауданы бойынша» тақырыбында кездесу өткізілді.
None
None
Жиында ауданның әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы даму ерекшеліктері, ауданның іс-әрекеттер жоспары талқыға түсті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, салық органы, экономика, бизнес өкілдерінің тарапынан дағдарыс кезеңінде қолға алынған шаралар жайы сөз болды.Кездесуге білім және ғылым, мемлекеттік құрылым, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Жиын соңында Әуезов ауданының әкімдігі, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және Еуразия нарық институты арасында «Әуезов ауданы аумағында әлемдік қаржы дағдарысының әсер ету салдарын жеңілдетуге бағытталған өзара ынтымақтастық меморандумына» қол қойылды. Меморандумның басты мақсаты ҚР Үкіметінің экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру және әлемдік дағдарыстың келеңсіз салдарын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етуін жеңілдету мақсатында атқарылатын істерді нақтылау болып табылады. Осы құжаттың аясында Әуезов ауданы тұрғындарының мүддесі мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтарды тереңдету көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар