Аудан мен ауылға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі
Құжатта жазылғандай, енді ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған мамандарға мына мөлшерде жәрдемақы беріледі:
- көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-тен (345 000 теңге) аспайды;
- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит - аудан орталықтарына келген мамандар үшін 2500 АЕК-тен (8 625 000 теңге) аспайды;
- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК-тен (6 900 000 теңге) аспайды.
«Осы бұйрықтың 1-тармағының 2 тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит – 1 500 АЕК (5 175 000 теңге) аспайды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығында.
Яғни, келер жылға дейін аудандар мен ауылдарға барған жас мамандарға үй алу үшін 5,1 млн теңге берілсе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома ауданда 8,6 млн, елді мекендерде 6,9 млн теңге болып бекітілмек.