Аудандық газеттің редакторын өлтіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Киров облысында аудандық "Родной край" газетінің редакторын өлтіріп кетті. 48 жастағы журналистің мәйіті орман ішінен табылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аудандық газеттің редакторын өлтіріп кетті

ІІМ Кильмез аудандық бөлімінің хабарлауынша, журналистің зорлық белгілері бар мәйітін жергілікті полицейлер кеше, Суна кентінен бірнеше шақырым жердегі орман ішінен тапқан.

Оқиға орнында облыстық қылмыстық іздеу басқармасының тобы жұмыс істеуде.

Тергеу орындарының деректеріне қарағанда, Кощеева 10 маусым күні таңертең жұмысына кеткен. Содан бері оның қайда екендігін ешкім білмеген. Оны іздеу 11 маусымда басталған.