Аудандық салық басқармасының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы облысы бойынша экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрес департаменті ҚР ҚК-нің 4-ші бөлімі 308-ші тармағы бойынша «Билік және қызметін асыра пайдаланғандығы үшін» аудандық салық басқармасының бұрынғы лауазымды тұлғасына қатысты іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол артығымен пайда табу мақсатында салық басқармасының қызметкерлерінің атына өтірік бұйрық және іссапарлық куәлік дайындаған. Оның заңсыз әрекетінен мемлекетке 431,9 мың теңге сомасында залал келген.