Audi A6 көлігінің дизайнері ерекше көзділдірік ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда адамның қаншалықты шаршағандығын анықтайтын арнайы көзілдірікті ойлап тапты. Бұл жаңашылдықтың авторы - Audi A6 көлігінің дизайнын жасаған Сатоси Вада.
Көзілдіріктің жиектері адам көзін қаншалықты жиі ашып-жұматынын , электроәлеуеті мен көз бұлшық еттерінің қалай өзгеретінін бақылап отыратын бірқатар сенсормен жабдықталған. Бұл мәліметтер Bluetooth 4.0 арқылы планшетке (смартфонға) жіберіледі.
Осылайша, адам ағзаның шаршағандығын арнайы техникалық қосымшаның көмегімен біле алады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Ғалымдар бұны көлікпен саяхаттайтындар үшін қажетті құрал деп есептейді. Шаршап, қалғып кетіп апатқа ұшырайтындардың алдын алуына септігі тиеді дегенді алға тартады. Сондай-ақ мұндай көзіліктер спортшылар мен фитнеспен шұғылданатын адамдарға да артықтық етпейді. Жабдық оларға ағзаны шаршатпай, бір қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Көзілдіріктің батареясы 8 сағатқа жетеді. Аталған құрылғы шамамен бір жылдан кейін сатылымға шығады.