«Ауди» жүргізушісі жол апатынан кейін қарсыласын балтамен жарақаттап, оның «Фольксвагенін» кескіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының солтүстік-батысында «Ауди» көлігінің жүргізушісі жол-көлік апатынан кейін екінші көліктің иесіне балта ала ұмтылып, оның «Фольксвагенін» кескілеп тастады.

«Ауди» жүргізушісі жол апатынан кейін қарсыласын балтамен жарақаттап, оның «Фольксвагенін» кескіледі

«Интерфакс» агенттігіне сәрсенбі күні РФ ІІМ астаналық МБ-нан хабарлағандай, сейсенбі күні кешке 46 жастағы ер адам полицияға сағат 22:00 шамасында Генерал Белобородов көшесіндегі 14-ші үйдің қасында «Фольксваген Трасспортер» және шамаланып отырғандай, «Ауди» көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алғанын хабарлады.

Арызданғанның айтуынша, жол апатынан кейін «Ауди» жүргізушісі көлігінің ішінен балта алып шығып, екінші көлікті кескілей бастаған. Сондай-ақ екінші көліктің иесін де жарақаттап, одан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

«Фольксвагеннің» 30 жастағы жүргізушісі қолының жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде полиция бұзақыны іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.