Аудиторлар мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша ынтымақтастық сипаттарын талқылайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Есеп комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, сапары аясында Комитет төрағасы О. Өксікбаев Еуропа одағының Аудиторлар палатасының президенті Витор Калдейра, Бельгияның Аудиторлар палатасының президенті Игнас Десомермен кездеседі.
Аталмыш кездесулер барысында тараптар мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша ынтымақтастықтың сипаттарын талқылайды. Тиімділік бақылауын өткізудің тәжірибесімен алмасу жоспарланып отыр. Кадрларды кәсіби оқыту және олардың біліктілігін арттыру саласында өзара іс-қимылдарын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілетін болады. Сонымен қатар, алдағы келіссөздерде Қазақстанның, Бельгияның және Еуропа Одағының қаржылық бақылауының жоғары органдарының басшылары мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдірудің халықаралық тәжірибесін талқылауға ниет білдіріп отыр.