Әуе апатынан қаза болған офицерлердің отбасы мүшелеріне пәтер кілті табысталды

   АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Астананың әскери ұшақжайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Алсай Жұманов,
None
None

22 тамызда авиация апатынан қаза болған офицерлердің отбасы мүшелеріне «Достар» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстады.   Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

«Жауынгерлік және қызметтік борыштарын атқару кезіндегі көрсеткен жанқиярлықтары мен ерліктері үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен авиация апатынан қайтыс болған МИ-17 тікұшағы экипажының офицерлері II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды», - деді авиация генерал-майоры Алсай Жұманов.

«Алайда жауынгер достарымыз, тікұшақ тобы-ұшақ командирі капитан Талғат Досанов, аға лейтенанттар ұшқыш-штурман Еркін Махамбетниязов және борттық авиациялық техник Жанбота Қасымов қайта оралмайды. Біздің есімізде! Мәңгі есімізде қалады!», - деді генерал-майор. 

Апаттан қаза болған офицерлердің ата-аналары және жақындары тұрақты қолдау көрсетіп, назар аударғандары үшін Қазақстан Армиясының басшылығына алғыстарын білдірді.

Тікұшақ экипажының ұшу кезіндегі күрделі сәтте жоғары жауапкершілік танытып, тікұшақты қондыруға бар күш-жігерлерін жұмсап өз борыштарын соңғы демдері біткенше адал атқарғандықтарын еске саламыз. 

 

Соңғы жаңалықтар