21:31, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Әуе, авто, кеме, зымыранды модельдеу мен робототехника бойынша оқушылар сайысы өтеді
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, 16 қазанда Астанада әуе, авто, кеме, зымыранды модельдеу мен робототехника бойынша топтық жарыстардың,
республикалық техникалық шығармашылық сайыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
Жарысқа Қазақстан Республикасының қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінің топтары қатысады. Қатысушылардың жас мөлшері: 13-17 жас.
Шара Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан Оқушылар сарйында сағат 10:00-де басталады.