Әуе кемесіне Дина Нұрпейісованың есімі берілді
АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бұл айда «Эйр Астананың» әуе паркін толтырған Embraer 190 әуе кемесі Қазақстан бойынша және көршілес елдерге рейске шыға бастады.
Әуе кемесіне атақты күйші Дина Нұрпейісованың есімі берілді, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметінен.
Бұл әуе тасымалдаушының флотындағы бесінші Embraer 190 ұшағы болды.
Бірінші Embraer 190 осында 2011 жылдың наурызында әкелінген болатын.
«Embraer 190 жаңа әуе кемесі - бұл аталған типтегі кезекті ұшақ қана емес. Ұлы күйші Дина Нұрпейісованың таланты мен өлмес шығармаларына құрмет және тағзым көрсету ретінде ұшаққа оның есімін беруді шештік. Осылайша, біз «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтарына Қазақстанның танымал әйелдерінің есімдерін беруді дәстүрге айналдыра бастадық. Жеңіс күніне қарсы біз әуе тасымалдаушысының Қазақстанға 2012 жылдың күзінде келетін жеке ұшағына тарихта есімі сақталған ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін беруді шештік», - деп түсінік берді бұл оқиғаға «Эйр Астана» АҚ компаниясының президенті Питер Фостер.
Жаңа әуе кемесі Астанадан Павлодарға, Жезқазғанға, Омбыға, Екатеринборға, Новосібірге және алдағы уақытта Орынборға ұшатын болады.