Әуе компаниялары билет құнының 50-60 пайызын керосин бағасы құрайды деген шындыққа сай келмейді - Павлодар мұнайхимия зауытының Бас директоры
; АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Керосин әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бірі. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 5-ші халықаралық мұнайгазөңдеу және мұнайхимиясы мен мұнай өнімдерінің KazRefinEx2010 симпозиумында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әуе компаниялары билет құнының 50-60 пайызын керосин бағасы құрайды деп мәлімдеуде.Алайда бұл шындыққа сай келмейді. Бұл көрсеткіш 20 пайыздан сәл астам болуы мүмкін», дейді Павлодар мұнайхимиясы зауытының Бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, әуе компаниялары табысының елеулі бөлігін жанар-жағармайдың есебінен табады. Оның айтуынша, былтыр ресейлік авиакеросиннің импорты 143 мың тоннадан 73 мың тоннаға дейін азайды. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытында өнімнің бұл түрін өндіру біршама артуының арқасында жүзеге асты. Былтыр отандық мұнай өңдеу зауыттары авиакеросин экспортын 4-тен 49 мың тоннаға дейін ұлғайтты.