Әуе компанияларында қажылық кезінде қажыға барушыларды тасымалдау үшін рейстерде шектеулер жоқ - ҚР ИДМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе компанияларында қажылық кезінде қажыға барушыларды тасымалдау үшін рейстерде шектеулер жоқ, деп хабарлады Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазіргі шарттарға сәйкес Қазақстанның авиациялық билігі тарапынан қажылық кезінде қажылыққа барушыларды тасымалдау үшін рейстерді орындауға қазақстандық, сауд арабиялық және басқа да тасымалдаушыларға (Этихад, Эйр Арабия, Түрік Авиа желілері және т.б) шектеу жоқ», - делінген хабарламада.
Екі тараптан бекітілген әуе компаниялары қажылыққа қажылыққа барушыларды 50/50 қатынасында тасымалдай, елдер арасында аптасына 4 рейс жасай алады.
«Эйр Астана» мен «SCAT» әуе компаниялары қазақстандық тараптан және Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) тарапынан «Fly Nas» әуе компаниясы бекітілгені аталып өтілді.
«SCAT» әуе компаниясы САК авиациялық билігінде 2015 жылы қажылыққа жолаушыларды тасымалдау үшін аккредитациядан өтті. Қазіргі уақытта САК авиациялық билігінен тиісті рұқсатты алғалы жатыр.
Бүгінде «Fly Nas» әуе компаниясы Қазақстанға жолаушыларды тасымалдауға өтініш білдірмеді.