Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Бөлдешев сот санкциясымен қамауға алынды

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Бөлдешев Ақмола гарнизонының әскери сотының санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы бүгiн ҚР Жоғарғы Сотында өткен брифингте Ақмола гарнизонының әскери сотының төрағасы Дәулет Молдабаев мәлiм еттi.
None
None

"Сотқа күдiктiнi қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтiнiштi ҚР IIМ Тергеу комитетi әскери-тергеу басқармасының тергеушiсi бердi. Өтiнiштi бас әскери прокурордың орынбасары қолдады", - дедi Д. Молдабаев.

Оған қатысты Қылмыстық Кодекстiң 380-1 бабының 2-бөлiмiнiң "б" тармағы бойынша, билiгiн және қызмет бабын асыра пайдалану арқылы ауыр жағдайларға соқтыру фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғалған. Бұл қылмыс түрi ауыр қылмысқа жатады және 10 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Еске сала кетейiк, генерал-майор әскери техниканы, соның iшiнде елдiң жауынгерлiк әуепаркiндегі ұшақтарды жөндеуден өткiзу барысында қызмет бабын асыра пайдаланды деп күдiктелуде.

Соңғы жаңалықтар