Әуеде жана бастаған «Боинг» ұшағы Канадаға апатты жағдайда қонды
МӘСКЕУ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тан Еуропаға қарай ұшып бара жатқан American Airlines компаниясына қарайтын әуе кемесінің бортынан бүгін өрт шықты. Ұшақ Канада әуежайына апатты жағдайда қонды. «Боинг-767» Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан Цюрихке қарай ұшу рейсін орындауда еді, бортта 194 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру-ға сілтеме жасап. Ұшқыш жерүсті қызметтерінде ұшақтың дәретхана кабинасынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлаған. Канаданың халықаралық Галифакс әуежайына қонған соң, жолаушылардың бірі өзін нашар сезіне бастағандықтан. ол дереу ауруханаға жеткізілді. Компания жолаушыларға басқа ұшақтың қызметін ұсынды.