Әуедегі қауіпсіздік: Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы халықаралық әуежай маңында AirAstana әуе компаниясының оқу-жаттығу орталығы ашылды. 

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Ұшуға арналған оқу-жаттығу орталығындамыз. Airbus 320 жаттығу ұшағын біз ұшқыштар мен бортсеріктестердің дағдысын практикалық тұрғыдан жетілдіру үшін қолданамыз. Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдайлар туындағанда бортсеріктер қалай қауіптің алдын алып, жолаушыларды құтқару керектігін үйренеді. Техника қауіпсіздігі бойынша жұмысқа жаңа қабылданған бортсеріктер 1,5 ай оқиды, оның ішінде 3 апта теориялық білім алады, қалған уақытта осы жаттығу орталығында практикадан өтеді. Airbus 320 жаттығу ұшағы барлық құрал-жабдықпен қамтылған. Ал, судағы қауіпсіздік бойынша жаттығу елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді», - деді AirAstana әуе компаниясы қауіпсіздік тренингтері бойынша аға менеджер Дамир Тұрғанов. 

Дамир Тұрғанов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оқу-жаттығу кезінде бортсеріктер авариялық жағдайда жұмыс істеуді іс жүзінде көріп, біледі. Сондай-ақ әуе қызметкерлері қауіпті заттарды тасу бойынша да біліктілігін арттырып, тест тапсырады.

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Төтенше жағдай туындағанда басты мақсат – адамдарды құтқару, оларға жол көрсету, ол үшін техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып, нұсқаулық бойынша әрекет ету маңызды. Сонымен қатар бортсеріктер өрт шыққан жағдайда, оны сөндіре білуі керек, ол дағдыны да осы жерден үйренеді. Одан бөлек, қажет жағдайда медициналық алғашқы көмек көрсету міндеті бар, оқу-жаттығу медицина мамандарының қатысуымен өтеді», - дейді ол. 

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ұлттық стандарттарға сәйкес, ұшқыштар мен бортсеріктер әр 3 жыл сайын оқу-жаттығудан өтіп, дағдысын жетілдіріп отыруы тиіс. 

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Орталық ашылмас бұрын бортсеріктер мен ұшқыштар біліктіліктерін шетелде арттыратын. Біздің мамандар Франкфурт қаласында (Германия), Ыстанбұл (Түркия) қаласында оқып келді. Ол жақта оқу-жаттығу орталығын жалға алатынбыз, енді Астанада өз орталығымыз бар. Бұдан пайда енді шетелге барып оқудың қажеті жоқ, екіншіден бюджет үнемделеді. Орталық елімізде алғаш ашылып отыр және халықаралық стандарттарға сай», - дейді Д. Тұрғанов. 

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Орталық өкілінің айтуынша, басқа әуе компаниялардың мамандарын оқытуға дайын. 

«Бұл жерде жұмысқа жаңа қабылданған қызметкерлермен қатар бұрыннан жұмыс істеп келе жатырған мамандарды да оқытамыз. Airbus 320 жаттығу ұшағы, кезінде Жапония және Еуропа елдеріне ұшқан, кейін есептен шығарған соң ұшақ жаттығу құралына айналды, оның ішінде барлық жабдық бар», - дейді әуе компаниясының өкілі.

Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Бортсеріктер мен ұшқыштарды қалай оқытады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform