Әуеннің ырғағына сай барабанды 3 қолмен ұратын робот ойлап табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Барабанды әдеттегідей 2 емес, 3 қолмен ұруға мүмкіндік туды. Музыканттарға мұндай тамаша жағдайды америкалық мамандар ұсынып отыр.
Джорджия штатындағы Технологиялық университет мамандары барабанды соғуға ыңғайлы жасанды қол ойлап тапты. Робот-құрал әуеннің ырғағына қарай қимылдайды. Енді өнертапқыштар жасанды затты музыканттың бас миының белгілеріне әсер ететіндей етіп жасап көрмек, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар «үшінші қол» алдағы уақытта хирургтер мен техниктердің қажетіне жарап қалатынына сенеді.
- Біз озық технологиялардың көмегімен көп іс тындыруға болады деп санаймыз. Осы тұрғыда музыка керемет мүмкіндік береді. Өнерпаз үшін уақыт маңызды, ол бір мезетте түрлі нәзік қимылдар жасап үлгеруі керек. Кеңістіктің де мәні зор,- дейді бұл жайлы профессор Джилл Уайгберг.