Әуез Елубаев бильярдтан Татарстан Президентінің кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ - Қазан қаласында 16-17 ақпан күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Татарстан Президентінің кубогы үшін ерлер арасында халықаралық турнир өтті.

Әуез Елубаев  бильярдтан Татарстан Президентінің кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

 Онда Ресейден -6 , Қазақстан мен Украинадан үш-үштен, АҚШ, Беларус және  Қырғызстаннан бір-бір спортшы арнайы шақырту бойынша қатысқан болатын.  Онда ресейлік Сергей Горысловец (7:4) пен   Илья Киричковты (7:3) ұтқан семейлік Әуез Елубав жартылай финалда Ярослов Винокурға 5:7 есебімен ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Ол қарсыласын 5:1 есебімен ұтып тұрып, соңғы партияларда босаңдық танытып алды. Атап айтқанда 11 партияға созылған бұл ойын 8-6, 8-2, 8-1, 0-8, 8-3, 8-4, 6-8, 6-8, 1-8, 4-8, 4-8  есебімен аяқталды. Ал ақтық сында одессалық Ярослов Винокур Харьковтен келген өз отандасы Александр Паламарьмен кездесіп 7:2 есебімен басым түсті. Александр жартылай финалда Ресейдің Қазан қаласының тумасы Эйнар Замаллевті де 7:2 есебімен ұтқан болатын. Жарыс қорытындысында турнир жеңімпазы Я. Винокур Татарстан Президенті кубогы мен 11 500 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал А. Паламар   8 500 доллар, 3-4 орын алған Әуез Елубаев пен Эйнар Замаллев  6 мыңнан, ал 5-15  орындарды өзара бөліскен  Руслан Чинахов,  Юрий Пащинский (Ресей), Қаныбек Сағынбаев (Қырғызстан), Илья Киричков (Ресей), Ярослав Тарновецкий (Украина), Қаныбек    Сағындықов (Қазақстан), Никита Ливада, Сергей Горысловец (Ресей), Ернар Шымбаев (Қазақстан), Евгений Курта ( Белорус), Джонс Дитер (АҚШ)  1500 доллардан алды.