22:47, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Әуежай қызметкерлері ұшақтың дөңгелегінен жасөспірімнің жансыз денесін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамда әуежай қызметкерлері ұшақтың дөңгелегінен жасөспірімнің жансыз денесін тапты, деп жазады 24.kz.
![None None](/static/img/plug.webp)
Марқұм аутизммен ауыратын 17 жастағы бозбала болып шықты. Норвегия билігі оның жоғалғаны туралы ақпаратты өткен аптада таратқан. Тергеушілердің айтуынша, жігіт ауа жетпей, тұншығып өлген. Ол мінген ұшақ Норвегияның Ларвик қаласынан ұшып келген.