Әуежайда екі жолаушылар ұшағы соқтығысып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Стенстед әуежайында ирландиялық Ryanair әуе компаниясының екі жолаушылар ұшағы жер бетімен жүріп бұрылған кездерінде соқтығысып қалған.
Оқиға әуе кемелерінің тұрағында орын алған. Олардың бірі Варшаваға ұшуы тиіс, ал екіншісі Майндағы Франкфурттан ұшып келген Boeing-737-800 ұшағы болған. Оқиға салдарынан бір ұшақтың қанаты зақымданса, екіншісінің артқы бөлігі жапа шеккен. Ұшақтардағы жолаушылар дереу сыртқа шығарылған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұшқыштарды алкогольді ішімдікті тұтынуларына тексерген, алайда бұл күдік теріске шыққан.