Әуежайда инкассаторлар 3 миллионнан астам доллардан айырылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОМОН қызметкерлерінің киімін киген баукеспелер Мәскеуде «Шереметьево» әуежайындағы «Е» терминалынан 3 миллионнан астам долларды алып кеткен.
Бұл туралы құқық қорғау органдарының өкілі хабарлады.
Оның айтуынша, ОМОН қызметкерлерінің киімін киген белгісіз біреулер Дубайдан ұшып келген азаматтың инкассаторларға тапсырған 3,3 миллион долларын ұрлап кеткен. Өткен дүйсенбіде құқық қорғау органдарындағы дереккөз ерекше мақсаттағы милиция жасағы қызметкерлерінің киімін киген белгісіз жеті адамның "Шереметьево" әуежайындағы терминалдан ірі көлемдегі қаражатты қолды етіп, "Шевроле" көлігімен ізін суытқанын хабарлады.
РФ ІІМ ОФО бойынша көлік басқармасының баспасөз қызметі ақша ұрланған фактіні растады.