Әуежайда Ұлыбританиядан келген жүктен 40 млн-ға жуық құрт-құмырсқа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ауыл шаруашылығын бақылау ұйымы "Домодедово" әуежайында Ұлыбританиядан келген жүктен 38 миллион құрт-құмырсқа ұсталғанын айтты, деп хабарлады interfax.ru.
Құрт-құмырсқалар Syngenta Bioline Production ltd кәсіпорнынан келгені хабарланды. Жүк 14 наурызда ұсталды.Ұстауға себеп болғандардың ішінде құжаттардың дұрыс толтырылмағаны, ветеринарлық сертификатта жүкпен орын саны көрсетілмегені және келген жүктін құжатқа сәйкес емес екені айтылды.
Сондай-ақ, ветеринарлық сертификаттар бұл құрт-құмырсқалар қауіпсіз екеніне кепіл бермейтіні аталып өтілді.