Әуежайда жанжал шығарған Еуропарламенттің вице-президенті мас болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропарламенттің вице-президенті Яцек Протасевич 26 ақпанда Майндағы Франкфурт әуежайында мас күйінде ұсталды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Әуежайда жанжал шығарған Еуропарламенттің вице-президенті  мас болған

Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, тіпті ол өз аяғында тұра алмаған. Сондай-ақ әуежай қызметкерлерін, кеденшілер мен полицейлерді балағаттаған.

«Саясаткер немістердің асыра сілтеп жібергенін, дөрекілік көрсеткендерін айтып шағымданды», -деп жазады Gazeta Wyborcza басылымы. Сонымен қатар ол дипломатиялық қол сұғылмаушылыққа қарамастан жеке заттарын тексергенін алға тартқан.

Алайда саясаткер өзінің де шектен шығып кеткендігін мойындады.

Яцек Протасевич Еуропарламентке польшалық «Азаматтық платформа» партиясынан сайланған.